Атырауда азаматтық некедегі әйелін пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
Атырауда азаматтық некедегі әйелін өлтірмекші болған күдікті іздестірілуде. 29 жастағы жігіт келіншегін үйінің дәлізінде күтіп тұрып пышақтап кеткен.
Автор: Жанат Молдашова
17.06.2024
Ауыр жарақат алған әйелдің жағдайы ауыр. Бірнеше соққы алып пышақталған науқастың бір жақ аяқ-қолы істемейді. Қанды қылмыс дәліздегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Үйінен шығып келе жатқан жәбірленушіні күдікті кіреберісте аңдып тұрып, бірден ұрып-соққан. Әйел есінен танып құлаған сәтте қаша жөнеледі. Екеуінің бұрын азаматтық некеде болғаны анықталды. Қазір тәртіп сақшылары 29 жастағы күдіктіні іздестіріп жатыр.
Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:
— Бұрынғы азаматтық некедегі әйелін дәлізде өлтіруге оқталған 1995 жылғы ер адамға қатысты ҚР ҚПК сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір күдіктіні үстауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!