Алматыда 100-ге жуық әншіні алдаған «композитор» ұсталды
Алматыда 100-ге жуық әншіні алдап тақырға отырғызды делінген «композитор» ұсталды. Елге өзін «сырлы сазгер, ақиық ақынмын» деп таныстырып, өзгенің туындысын бірнеше адамға сатқан ер адам қазір кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып отыр.
Автор: Әсем Лесбек
17.06.2024
Полиция 30 жастағы күдіктіге қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғап, тергеу әрекеттерін бастады. Ер адам қамауға алынған. Естеріңізде болса, жалған композитордың былығы осыдан 20 күн әшкере болған еді. Редакциямызға «Мария Магдалена» әнімен танылған Асхат Тарғыннан бастап, Кенжебек Жанәбілов, Перизат Алпыс сияқты бір топ әнші, сазгер сымаққа алдандық деп көмек сұрады. Жұлдыздардың айтуынша, күдікті ауадан ақша жасаған.
Сазгерліктен бөлек, актер, асаба өнерім бар деп, той иелерінен ақысын алдын ала алып, кейін ізім-ғайым жоқ болған. Полиция енді күдіктінің кінәсі дәлелденсе. 3 -тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!