Оралда газ баллоны жарылып, он адам зардап шекті
Оралда базарда газ баллоны жарылып, он адам зардап шекті. Араларында екі оқушы бар. Төрт адамның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.06.2024
Оқиға «Ел ырысы» базарындағы мал соятын жерде болған. Құрбан айт қарсаңында мұнда адам да көп жиналыпты. Куәгерлердің сөзінше, қасапшылардың бірі малдың басын үйітпекші болған. Сол кезде газ баллоны жарылып, тіпті бір адам отқа оранған. Оны қасындағылар су шашып өздері өшіріп алыпты. Ол қазір ауыр халде. Тағы жеті ересек адам мен 15 және 17 жастағы бозбала да күйген. Жасөспірім де жансақтау бөлімінде жатыр.
Болат Әлібаев, БҚО балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
— Бір баланың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде. Денесінің 70 пайызын күйік шалған. Күйікке қарсы емін алып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!