{metadescription}
Төрт өңірде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Төрт өңірде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Төрт өңірде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Айдаладағы қора-қопсының кейпін жасап, аса ірі көлемде есірткі өндірісін жолға қойған. Ішкі істер министрлігі еліміздің төрт өңірінде осылай синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Соның бірі Өскемендегі цех. Жиһаз бизнесінің атын жамылған жергілікті тұрғын қойманы жалға алып синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Зертханада әзірленген есірткі мен прекусорлар және буып-түюге арналған жабдықтар түгел тәркіленді. Мұндай топ Қостанай, Петропавл қалалары мен Алматы облысында да қолға түсті. Алматы облысында тіпті пысықайлар астыртын өндірісті айдалада жолға қойыпты. Сырттай қараған адамға қоршаулы нысан мал фермасындай көрінеді. Жергілікті полицейлер мефедрон өндірісін жолға қойғандарды да ұстады.

Шыңғыс Әлекешев, ІІМ ресми өкілі:

Өндірістің соңғы сатысындағы есірткі, прекурсорлар және жабдықтар тәркіленді. Тергеу кезінде ұсталғандар есірткі жасырылған он жерді көрсетіп, жалпы салмағы шамамен 3 кг асатын есірткі анықталды. Жалпы қала көшелеріне синтетикалық есірткінің 11 мыңға жуық дозасының таралуына тосқауыл қойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 кг астам синтетика заңсыз айналымға жіберілмеді, 4 тоннаға жуық прекурсор тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде