Алматыда донорларға сый-сияпат табысталып, алғыс айтылды
Донор күніне биыл 20 жыл. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының бекітуімен жыл сайын 14м аусым күні өтеусіз қан тапсыратын азаматтарға құрмет көрсетіліп келеді. Елімізде жыл сайын шамамен 400 мың қан құю процедурасы өткізіледі. Мамандардың айтуынша, әрбір донордың өткізген қаны бір емес, бірнеше адамның өмірін арашалап қалуға жетеді. Атаулы күнге Алматыдағы Республикалық қан орталығында тұрақты донорларға сый-сияпаттар табысталып, алғыс айтылды.
Автор: Шапағат Мырзабекова
17.06.2024
Республикалық қан орталығында күніне 50 мың адам қан тапсырады. Солардың бірі — алматылық Жанат Нұрғазин. Оның көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүргеніне 10 жылдан асты. Әр келген сайын мамандар жанашыр жаннан 450 миллилитр қан алады. «Осылайша өзгенің өмірін сақтап, өзімнің денсаулығымды жақсартамын», - дейді жомарт азамат.
Жанат Нұрғаазин, донор:
— Өзім дене шынықтыру мұғалімі болғаннан кейін, қан тапсыру — денсаулыққа, ағзаға өте пайдалы. Адам жасарады. 40-тан астым, өзімді жас сезінемін. Сауапты іс деп ойламын. Адамға өмір сыйлайсың. Лейкемиямен ауыратын балаларға көмегім тисе деп ойлаймын.
Дүниежүзілік донор күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға тұрақты донорлар шақырылды. Олардың құрметіне концерт ұйымдастырылып, Алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді. Өтеусіз қан өткізіп жүргендердің арасында жастар мен егде жастағы жандар да бар. Бүгінде барлық қан тобына сұраныс өте жоғары, дейді мамандар. Сондықтан ақ халаттылар денсаулығы жарайтын әрбір азаматты қан тапсырып тұруға шақырады.
Қымбат Жамашева, РҚО қанды дайындау және іріктеу бөлімінің меңгерушісі:
— Біздің республикалық орталыққа жылына 18 мың донация жүргізіледі. Оның 30 пайызы алғашқы донорлар болса, қалғаны тұрақты біздің донорларымыз. Жыл сайын 15 мың донор керек. 15 мыңнан артылуы керек. Онкология институты, балар хирургиясы, акушер-гинекология, сондай үлкен денсаулық ұйымдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына қан жіберіп отырмыз.
Жалпы бір рет қан тапсырған адамның қаны екі-үш науқасты емдеуге жетеді екен. Қазірга таңда ерікті түрде тегін қан өткізген донорға гемотрансфузиядан кейін ас ішіп, әл жинау үшін мемлекет 923 теңге төлейді. Бұл соманы депутаттар бес есеге арттыру мәселесін көтерген. Өйткені қан тапсырған донор анемияға шалдықпас үшін дұрыс тамақтануы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!