{metadescription}
Зеренді шипажайында «Ел үміті -2024» жазғы оқу лагері ашылды
Зеренді шипажайында «Ел үміті -2024» жазғы оқу лагері ашылды

Зеренді шипажайында «Ел үміті -2024» жазғы оқу лагері ашылды

Ақмола облысының Зеренді шипажайында «Ел үміті -2024» жазғы оқу лагері ашылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге тарта бала он күн бойы түрлі тренингтерге қатысып, мамандардан шеберлік сабағы мен мотивация беретін дәрістер алады. Шараны El Umiti корпоратив қоры ұйымдастырып отыр. 

Жанель Төкенова

Мен бұл лагерьге үшінші рет келіп тұрмын. Бүгінгі көңіл күйім керемет! Бүгін бізде кезектің ашылуы болып жатыр. Және де бұл кезек өте керемет болады деген ойдамын.

Балаларға арналған жазғы сауықтыру үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Оған қатысушылар демалыстан бөлек, білім алып, ой-өрісін дамытады. Оған El Umiti корпоратив қоры ұйымдастырған «Қабілет», «Мың бала» «Ел үміті сыйлығы» сияқты жобалардың белсенді қатысушылары мен дарынды балалар жолдама алған. Бұл қор бір миллионнан аса баланың көшбасшылық қабілетін ашып, кәсіби маман ретінде қалыптастыруды қолға алған.

Әсем Үсенова,El Umiti корпоратив қорының жоба үйлестірушісі:

Біздің қатысушыларымыз еліміздің белгілі спикерларынан тәлім алып, сонымен қатар қабілет смарт стар жобаларының мамандарынан мықты тренингтардан өтіп,сонымен қатар интеллектуал ойындар,викториналар,спорттық іс-шараларға қатысып өзін осы он күн ішінде қызықты әрі сапалы күндерін өткізеді деп ойдамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде