Нумеролог, психолог Айсұлу Ахимованың кітабы жарық көрді — «Отражение»
Адамның туған күні, жылы нені білдіреді? Құжатта дүниеге келген датаны өзгертіп, тағдырды басқа арнаға бұруға бола ма? Бұл туралы нумеролог, психолог Айсұлу Ахимованың жарыққа шыққан тұңғыш кітабынан білуге болады. «Отражение» деп аталатын туынды психологиялық танымдық бағытта жазылған.
Автор: Әсем Лесбек
17.06.2024
Кітапты оқыған әрбір адам өз-өзіне есеп беруді дағдыға айналдырады дейді автор. Яғни өмірді қалай сүріп, уақытты қалай өткіздім, жақындарыммен қарым-қатынасым қандай деген сынды сұрақтардың жауабын табуға мүмкіндік алады. Психология саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар Айсұлу Ахимова туындының ер адамдарға да, әйел затына да пайдасы барын айтады. Нумеролог бұрын-соңды айтылмаған сырлары мен оқиғаларын кітапқа түсірген. Автор көп ұзамай шығармасын ағылшын тілінде де жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.
Айсұлу Ахимова, нумеролог, психолог:
— Бұл кітапты жазу идеясы негізі пандемия кезінде келді. Кейін нумерология мен психологияда жинаған тәжірибеме сүйеніп, клиенттеріммен болған оқиғаларыма тоқталайын деп шештім. Көбін саралап, басқаларға сабақ болады-ау дегенін осы туындыға сыйғыдым. Кітап жазу идеясы ойымда ұзақ жүргенімен, негізі тоғыз айда жазып бітірдім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!