{metadescription}
UFC статистикасын жаңартып, теннистан төмен түспедік
UFC статистикасын жаңартып, теннистан төмен түспедік

UFC статистикасын жаңартып, теннистан төмен түспедік

UFC статистикасын жаңартып, теннистан төмен түспедік. Асу Алмабаев тағы бір қарсыласын тізе бүктірді. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері UFC-де осымен үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Ал, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік WTA рейтингтінде өз орнын сақтап қалды. Отандасымыз қазір 4 орында тұр.

Асу Алмабаев кезекті жекпе-жегін АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінің басты кардында өткізді. Сегізбұрышта ол америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесті. Қарсыласы отандасымызға өте ыңғайсыз спортшы еді. Бойы да, қолы да ұзын. Дегенмен жекпе-жектің басым бөлігі партерде өтті. Екінші раундта жерде жатып екеуі де бірін-бірін тұншықтырып тастауға тырысты. Бірақ нәтижесіз. Ең жеңіл салмақтағы кездесу толық үш раундқа созылды. Ақыр соңында төрешілердің шешімімен Асу Алмабаев қарсыласынан басым түсті. Осылайша отандасымыз MMA-дағы жиырмасыншы, ал UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды. Әйелдер теннисі қауымдастығы WTA рейтингтің жаңа нұсқасын жариялады. Франция ашық чемпионатында ширек финалға дейін жеткен Рыбакина бес мың тоғыз жүз жетпіс үш ұпаймен төртінші орында тұр.

Әлемдік додада көк туды желбіретіп жүрген отандасымыз бүгін 25 жасқа толды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға құттықтау хат жолдаған.

Өзге теннисшіміз Юлия Путинцева да төмен түспеді. Еліміздің екінші ракеткасы мың үш жүз отыз үш ұпаймен қырық бірінші орында тұр. WTA рейтингтіндегі үштік те өзгеріссіз қалды. Ең жоғарғы ұпай Ига Швентекте. Екінші орында Кори Гауфф, үшіншісінде Беларусь спортшысы Арина Соболенко тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.