{metadescription}
Доллар бір күнде 5 теңгеге қымбаттады
Доллар бір күнде 5 теңгеге қымбаттады

Доллар бір күнде 5 теңгеге қымбаттады

Доллар бір күнде 5 теңгеге қымбаттады. Таңертең 452 теңге 92 тиын тұрған АҚШ валютасы, биржадағы кешкі сауда-саттықтан кейін 458 теңге 15 тиын боп бекіді. Еуроның да құны кешелі бері өсіп, бүгін 492 теңге 12 тиынға жеткен. Ал Ресей рублінің бағамы біршама тұрақты — 5 теңге 25 тиын.

Ал ақша айырбастау орындарында бағам әлдеқайда жоғарырақ. Алматыда көк қағаз кей пункттерде 462 теңгеден сатылуда. Теңгені тұрақтандыруға Брент маркалы мұнай баррелінің өсуі де көмектеспей жатыр. Сарапшылар шикізат экспорты соңғы кезде валюта нарығында бағамды қалыптастыруға септігі тимей жатқанын айтады. Сондай-ақ бюджеттік трансферттердің ұлғаюы сияқты ішкі факторлардың да әсері болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде