{metadescription}
Азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған күдікті Ақтауда ұсталды
Азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған күдікті Ақтауда ұсталды

Азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған күдікті Ақтауда ұсталды

Атырауда азаматтық некедегі әйелін өлтірмекші болған күдікті Ақтау қаласынан ұсталды. 29 жастағы жігіт Өзбекстан азаматы екені анықталды. Қазір тәртіп сақшылары күдіктіні Атырау қаласына жеткізіп жатыр.

Жәбірленуші әйел азық-түлік дүкенінде жұмыс істейді екен. Ал оған пышақ сұққан жігіт азаматтық некедегі күйеуі болған.

Айта кетейік, қанды қылмыс қаладағы көп қабатты үйлердің дәлізінде болған. Дүкенін жауып, артқы есіктен шығып келе жатқан әйелді баспалдақтың жанында аңдып тұрған еркек оны соқының астына алып, бірнеше жерінен пышақ салған. Әйел ауруханада жатыр.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

Полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел іздестіру шараларының нәтижесінде анықталып, ұсталды. Ақтау қаласында ұсталған күдіктіні қазір Атырау қаласына жеткізу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Қылмыстық іске тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде