{metadescription}
Синоптиктер: Еліміздің батысында келер апта соңына таман ыстық басылады
Синоптиктер: Еліміздің батысында келер апта соңына таман ыстық басылады

Синоптиктер: Еліміздің батысында келер апта соңына таман ыстық басылады

Ақтөбеде аптап ыстық басылмай тұр. Үш күннен бері сынап бағанасы 35-ке дейін көтерілсе, бүгін қырық градусқа жетті. Синоптиктер еліміздің батысында ыстық келер апта соңына таман басылады деп болжап отыр.

Ми қайнатар ыстықта тұрғындар өзен-көл жағалап жүр. Жағажайларда адам қарасы көп. Бұрын жұмыс күндері суға шомылуға тұрғындар түстен кейін ғана келе бастайтын дейді жағажай қызметкерлері. Күн ысығалы таңғы сегізден бастап, түнгі он бірге дейін қайтпай жүріп алады екен. Қала ішінде көлеңке тапсаң да, аптапта көп тұра алмайсың. Сондықтан көшеде адам да азайған. Бұрын аптап ыстықта балалар су бұрқақ айналысын жағалап жүретін. Қазір жөнді істеп тұрған біреуі жоқ. Былтырдан бері бюджеттен ақша бөлінгенімен, жөндеу жүргізілмеді. Қазір Ақтөбедегі 21 субұрқақтың төртеуін мемлекет қаржысына, онын демушілер көмегімен жөндейді. Бірақ ол жұмыстың қашан бітері белгісіз.

Ақтөре Төрешов, Ақтөбе ТКШ бөлімінің маманы:

Былтыр 184 миллионға ұтып алды. Оны уақытында жасамағаннан кейін сотқа беріп ақшаны кері қайтарды. Қазір енді конкурс ұйымдастырдық. Осы айдың жиырмасынан бастап кіріседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.