{metadescription}
Шомылу маусымы: Су жағасында бақылау күшейтілді
Шомылу маусымы: Су жағасында бақылау күшейтілді

Шомылу маусымы: Су жағасында бақылау күшейтілді

Облыс әкімдері, полиция мен құтқарушылар су жағасындағы бақылауды күшейтуі тиіс. Шомылу маусымы сөз болған жиында Үкімет басшысы, әсіресе балалардың судағы қауіпсіздігіне аса мән беруді тапсырды.

Биыл жыл басталғалы 45 адам суға кеткен. Оның 20-сы бала. Олжас Бектенов өңір басшыларына суға батып бара жатқандарды ерте анықтауға мүмкіндік беретін қашықтан мониторинг жасау жүйесін пайдалануды ұсынды. Немесе Ақтөбедегі суға кетіп бара жатқан адамға батырма арқылы көмек шақыру сигналын жіберуге мүмкіндік беретін интерактивті қалқыманы қолдануға кеңес берді.

Ол, сондай-ақ, жағажайларда бақылау камерасын орнату жайын қарастыруды тапсырды. Төтенше жағдайлар министрі құтқару бөлімдерінің жабдықтары ескірген, қайықтың «көбі жарамсыз» дейді. Елде су айдыны көп, шомылуға тыйым салынған аумақтарды қоршап, бәріне белгі қою мүмкін емес. Су жағасында қазір елде 97 мобильді бекет кезекшілік етеді.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Суға батып кеткендердің 95 пайызы тыйым салынған орындарда тіркелетінін ескере келе, әкімдіктермен бірлесіп, суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындарды жылдан жылға ұлғайтудамыз. Оның саны бүгін 708-ге жетті және барлығы 2GIS платформасында орналасқан. Маусым айының аяғына дейін тағы 33 жағажай қосымша ашылады. Дегенмен ол әлі де жеткіліксіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде