{metadescription}
Скутер мен электрмопед: Ақтөбеде жол апаты көбейген
Скутер мен электрмопед: Ақтөбеде жол апаты көбейген

Скутер мен электрмопед: Ақтөбеде жол апаты көбейген

Ақтөбеде мопед мініп майып болғандар көбейген. Жаз басталғалы аталмыш көлікті тақымдаған бір жасөспірім қаза тауып, 35 бозбала жол апатынан жарақат алған. Сондықтан жол сақшылары арнайы рейдке шығып, жастарға жолда абай болуды ескерте бастады. Скутер мен электрмопед мінгендерде жүргізуші куәлігі жоқ болғандықтан, көшеде қос дөңгелекті көлік апаты көбейген.

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына мамырдан бері мопед мініп мертіккен 35 адам түскен. Дәрігерлер аталмыш көлікпен апатқа түсіп жарақат алғандар күн санап артып келе жатқанына алаңдайды. Дені 16-18 жас аралығындағы жастар.

Бағлан Рахметов, Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері:

Көбейіп жатыр. Мотоциклді жарақат деп айтады. Соның ішінде бірінші орында мопед пен скутерлер. Мотоцикл бойынша 4 адам түсті, велосипедтен 4 адам түсті.

Жаз басталғалы электрмопед мен скутердің автокөлікпен соғысқан 74 оқиғасы тіркелген. Бір бозбала қатты соққыдан қаза тауыпты. Жол сақшылары бұған ең алдымен ата-аналарын кінәлайды.

Алмас Қаналин, Ақтөбе ПБ инспекторы: 

Ата-аналарынан бастау керек. Себебі скутерлердің, мопедттердің бағасы қолжетімді болғасын, яғни орташа бағамен есептегенде 350 мыңмен 500 мың арасында тұрады. Сол себепті ,табыс көзі ретінде жасөспірім балалар тағам, тауар жеткізіп беру үшін мопед сатып алады. Ата-аналары сатып алып береді.

Мопед мінген жастардың көбісі табыс таппақ ниетін айтады. Тапсырысты дер уақытында жеткізу үшін жол ережесін жиі бұзатындарын да жасырмайды.

Жазда кептелісте тұрмайсың. Тауар, тағам жеткізіп беруге ыңғайлы. Әйтпесе кептелісте көп тұрып қаласың. Жұмыстың уақыты, аз ақша жасаймыз дегендей.

Тұрғындар электрмопед пен скутер жүргізушілерінің жас шамасына қарай шектеу қою керек деп отыр. Қазір бесіктен белі шықпай көшеде жүйткіп жүретін балалар да көбейді деп отыр.

Кілең жасөспірімдер, 18-ге толмаған. Көбісі онға да толмаған балалар отырады. Қалай ата-аналары оған қарап жатқанын, түсінбеймін. Себебі бұл жерде ата-ана баласының денсаулығын ойламай ма?

Қазір жолда өте қауіпті. Тек Ақтөбеде ғана емес, еліміздің бар қаласында осы мопед пен скутер мінген балалар соқтығысып, көлік оқиғасына ұшырап жатыр. Қыршын кетіп жатқаны да бар. Бір тыйым болу керек. Баланы еркін жіберіп, өзіміз өлімге итермелеп отырмыз.

Электрмопед пен скутер жүргізуге ешқандайда рұқсат құжаттың қажеті жоқ. Жасың он алтыға жете тақымдап жолға шыға бересің. Жол сақшылары да ескертуден кенде емес. Бірақ желіккен жастар оны елемей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде