{metadescription}
Астанада сапасыз салынған 15 қабатты үйдің тұрғындары екі жыл бойы қиналып отыр
Астанада сапасыз салынған 15 қабатты үйдің тұрғындары екі жыл бойы қиналып отыр

Астанада сапасыз салынған 15 қабатты үйдің тұрғындары екі жыл бойы қиналып отыр

Астанада нәжіс суына тұншыққан тұрғындар шу шығарды. Ай сайын жертөлеміз сасық суға толады деген жұрттың соңғы кезде ауруы көбейген. Қолқаны қабатын жағымсыз иіс 15 қабатқа дейін сезіледі. Онсыз да Арқаның алты ай қысынан мезі болған қариялар «күн жылынғанда далаға бір сәт шығудан қалдық» деп отыр.

15 қабатты үйдің тұрғындары таза ауаға жарымай жүргеніне екі жылдай болған. Жаңбыр жауса, кәріз жүйесі істен шығып, жертөле суға толады. Ауа райын бағдарлау күнделікті дағдысына айналғаны соншалық, тұрғындар күн райы бұзылса, жалмажан «Астана су арнасына» хабарласады. Көмек қолы кешіккен соң, белуардан су кешіп, нәжіс суын өздері тазалайды.

Қанат Алшынбаев, мүлік иелері бірлестігінің төрағасы:

Бір келіп тазалап кеткен, насостар тек бір жарым айға жетеді. Жақсы болғанда, екі ай. Одан кейін қайтадан мәселе көтеріледі. Егер мына проблеманы қазір, жылы күндері шешпесек, ертең қыста, 40 градус аязда үйдің жарығын сөндіре алмаймыз. Оны сөндіргенмен, мына жлу, су мәселесі бәз қалпы қалуы мүмкін.

Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы сасық суға тұншыққанымыздан бөлек, «өзге мәселенің шеті шықты» деп отыр. Жөртөле аузы-мұрнына дейін суға толғанда, жарық сөніп қалады дейді.

Бикен Әкімова:

Осы үйде тұрып жатқаныма алты ай болды. Көшіп келіп едік. Өткенде су, жарық болмай, қатты қиналдық. Төраға Қанат түнімен жүгіргенін өз көзімізбек көрдік. Жұмыстан сағат тоғызда келемін, 15-ші қабатқа баспалдақпен көтерілдім. Маған ол түк те керек емес. Ипоткены уақтылы төлеп жатырмын. Коммунальны қызметті де төлеп жатырмын. Біз неге қиналуымыз керек?! Аш жаттық, бір тәуліктей.

Мәселе тұрғын үйден сәл ілгерірек жатқан су сору станциясынан басталады. Унитазға жөргектен бастап, пластик бөтелкелерге дейін тастайтын көршілердің кесірінен жаңбырлы күні құбырлар ернеуінен асып-таси бастайды. Зардабын тартатын төңіректегі Шыңғыс Айтматов көшесіндегі жалғыз үй. Жауапты әкімдік жұрттың бас ауруын жазудың «бір-ақ жолы бар» деп отыр.

Еркебұлан Көшкінбай Нұра ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

Ол жерде ОСИ-дің төрағасына да айтқанбыз, түсіндіріп. Клапан қою керек ,үйдің жертөлесін баспау үшін. Және де өткен аптада біз барған кезде тағы да бір қосымша қойдырғанбыз, сол жерге. Ол жерде екі насос жұмыс істеп тұрған, қазір үшінші насос қойылды.

Әуел баста қажет құрылғыны үйдің іргетасын қалаған құрылыс компаниясы ұмыт қалдырған. Енді 10 жыл бұрын қолданысқа берілген үйге жауаптыны жағасынан ұстап, бәрін қалпына келтірту мүмкін еместей.

Қажыгелді Алқабек, «Астана су арнасы» МКҚ Кәріз жүйесі қызметінің басшысы міндетін атқарушы: 

Ол үйдің ауласында жаңбырдың суына арналған каналазиция жоқ. Қатты жаңбырдың суы, еріген қардың суы болған кезде қысыммен істейді. Өйткені біздің насостарымыз еріген қар мен жаңбырдың суына есептелмеген. Осы үйді салған құрылыс компаниясынан сұрау керек. Ол кәріз жүйелері, инженерлік желілері болуы керек.

Арқада қылышын сүйретіп қыс демде келеді. Мәселе шешімін таппаса, аязды күндері үй жарықтан ажырап, жылыту жүйесі қатып қалады деген қауіп басым. Сондықтан мұндағы қарашаның ендігі жұмысы құрылыс компаниясын іздеумен, оны жауапқа тартумен айналысу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде