{metadescription}
Қырғызстанның оңтүстігінде сел 10 жасар баланы ағызып әкеткен
Қырғызстанның оңтүстігінде сел 10 жасар баланы ағызып әкеткен

Қырғызстанның оңтүстігінде сел 10 жасар баланы ағызып әкеткен

Қырғызстанның оңтүстігінде сел жүріп, 10 жасар баланы ағызып әкеткен. Өкінішке қарай, жеткіншек қаза тапты. Жалалабад облысындағы толассыз жауын соңы су тасқынына ұласып, лай көшкіні болған.

Төтенше жағдайдан Наукен ауданына қарасты Бостон мен Ескі Қошқар ата ауылдары қатты зардап шеккен. Ондағы 300-ге жуық үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. 2643 үй мен қоражай су астында қалған.

Бішкек-Ош тас жолының 518-ші шақырымын сел басты. Қазір жол тазаланып, біржағы көлік қозғалысы үшін ашылды. Табиғат апатынан кейіл елдімекендерді қалыпқа келтіруге төтенше жағдайлар министрлігі, милиция, жергілікті әкімшілік қызметкерлері мен арнайы техникалар жұмылдырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде