Жасөспірімдер суицидін алдын алуға кешенді шаралар қабылданады
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер назардан тыс қалмайды. Оларды мейлінше баспанамен қамтып, қоғамға бейімдеу мемлекет алдында тұрған міндеттердің бір парасы. Бүгін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева президентке атқарылған жұмыстың бір жылдық есебін ұсынды.
Автор: Айжан Шамшидин
18.06.2024
Мемлекет басшысы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында қабылданған заңдағы өзгерістер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда көп ұзамай өз нәтижесін беретінін айтып өтті. Балаларға азғындық жасайтындар да енді бірден өмір бойына темір торға тоғытылады.
Президент жасөспірімдер арасында суицидке итермелейтін жағдайлардың белең алып жатқанына тоқталды. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдануы тиіс.
Динара Зәкиева Бала құқығы жөніндегі уәкіл:
— Он айдың ішінде 13 мың өтініш бойынша жұмыс істедік. Сонымен қатар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын мектептерге енгізу үшін дәне буллингке қарсы КiVa бағдарламасын енгізу үшін оқу-ағарту министрлігімен жұмыс жүргіздік. Қамқор көрсететін маман санын арттыру үшін үкіметпен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!