«Таза Қазақстан»: Отпан тау тарихи-мәдени кешенінің аумағы тазартылды
Елімізде «Таза Қазақстан» экология акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы Маңғыстау облысындағы Отпан тау тарихи-мәдени кешенінің аумағы қоқыстан тазартылып, еріктілер тұрмыстық қалдықты жинады.
Автор: Әсем Лесбек
18.06.2024
Әсел Балманова, Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
— Экология науқанының арқасында 1000 жақын тонна қоқыс шығарылды. Оның ішінде теңіз жағалауы. 590 тарихи-мәдени ескерткіштер тазартылды. Брусчаткалар қайтажаңартылды. Аудан орталықтарында да қоқыс шығарылды. Соның нәтижиесінде бүгінде Ақтау қаласы ең таза қалалардың тізіміне кіріп отыр.
Аймақта осындай қоғамдық шараларға белсене қатысқан түрғындарға «Таным» экобайқауы жарияланған. Табиғатты таза ұстауға шақыратын шара үш айға жалғасып, жеңімпаздар күзде анықталады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Отпан таудан бөлек, «Бердібек әулие» қорымында жалғасты. Құлпытастар мен тас қоршаулар, тастан жасалған әртүрлі пішіндер шаң-тозаңнан тазартылды.
Еріктілер «Бозжыра» шатқалын да назардан тыс қалдырмады. Бұл жерге туристер жиі келетіндіктен, тұрмыстық қалдықтар да көп жиналады. Белсенділер қап-қап қоқыс жинап, оны арнайы полигонға жөнелтті.
Жанболат Жақыпов, Ақтау ТҮКШ бөлімінің басшысы:
— Бұл жерден 25 мың тонна қалдық шықты. 35 мыңға жуық текше метр қоқыс шығарылды. 1200 рейсті 1-2 күннің ішінде шығару мүмкін емес. Өздеріңіз білесіздер, бізде полигон осы жерден 25 шақырым жерде орналасқан. Басқа да мекенжайларда жұмыс жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!