{metadescription}
Magnum шаруалардың көктемгі егіс науқанын қаржыландырады
Magnum шаруалардың көктемгі егіс науқанын қаржыландырады

Magnum шаруалардың көктемгі егіс науқанын қаржыландырады

Magnum сауда желісі фермерлерге көмектесе бастады. Яғни шаруалардың көктемгі егіс науқанын Magnum қаржыландырады. Ал күзде өнімін нарық бағасымен сатып алады. Осы арқылы азық-түліктің қымбаттауына жол берілмейді.

Әбдімәлік Шәріпов 80 гектар жерге пияз егіп, әр гектарынан кемі 70 тонна өнім алуды көздейді. Оның биылғы тұқым егу науқанын толығымен «Магнум» сауда желісі қаржыландырған.  

Әбдімәлік Шәріпов, «ТоктасынАгро» қожалығының жетекшісі:

Шаруаға үнемі қаражат жетіспейді ғой. Әсіресе көктемде. Дизель отыны, тұқым бар. Ақша болмады. Қаражаты  жақсы көмектесті. Magnum толық қаржыландырды. Тұқым, тыңайтқыштар гербицид, фунгицидтер сатып алдық.

Фермер шыққан өнімнің өтуіне де алаңдап отырған жоқ. Қаржыландырудың арқасында қиналмай егіліп, жиналған өнімді диқан  «Магнум» сауда желісі арқылы сатады.

Исмияна Бешли-оғлы, Тараз Magnum дүкенінің директоры:

Бізде әрқашан ең қажет деген көкөніс пен жеміс-жидек бар. «Магнум» жыл сайын фермерлермен келісімшартқа отырып, егіс науқанын қаржыландырып, тиімді бағамен өнім алады. Бағалар басқасынан төмен. Картоп, пияз бен сәбізді қыс бойы сатамыз. Бұл фермерлерді дамытатан жақсы әріптестік. Өзіміздің  тұтынушыларды да қамтимыз.

«Магнум» отбасылық бюджетті үнемдеп, фермерлер бизнесінің дамуына үлес қосуда. Биыл «ТоқтасынАгро» шаруа қожалығынан «Магнум» 200 мың тонна пияз сатып алған. Басқалары да осынша өнімін әкелді. Күзге қарай осы арзан пияз еліміздің барлық дүкендеріне жеткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде