{metadescription}
Өлім: Қарағандыда екі жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті
Өлім: Қарағандыда екі жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті

Өлім: Қарағандыда екі жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті

Қарағандыда екі жастағы бүлдіршін терезеден құлап көз жұмды. Анасы үй шаруасымен жүргенде жақтауға шыққан бала ашық терезенің шыбын-шіркейден қорғайтын торын итеріп төртінші қабаттан құлдилаған.

Қайғылы оқиға көпқабатты үйде болған. Төртінші қабаттағы ашық терезеге баланың шыққанын анасы байқамай қалса керек. Бүлдіршін терезедегі тормен бірге аулада төселген тасқа құлапты. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген. Бірақ қатты соққы алған бүлдіршін қыршын кетті.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды облысында 12 бала тура осындай жағдайда биіктен құлаған. Екеуі тіл тарпай кетсе, көбі ауыр жарақат алыпты. Сондықтан жоғарғы қабатта тұратындарға бала қауіпсіздігіне ерекше ден қою керек дейді мамандар.

Нұрлыбек Нұрмағамбет, Қарағанды облысы ТЖД қызметкері:

Орнатылған москит торлары ол құлаудан қорғамайды. Көбінесе балалар шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйеніп құлап кетеді. Өте қауіпті. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін темір торды орнату қымбат емес деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.