{metadescription}
Атырау облысында әйелін ұрып-соққан экс-шенеунік сотталды
Атырау облысында әйелін ұрып-соққан экс-шенеунік сотталды

Атырау облысында әйелін ұрып-соққан экс-шенеунік сотталды

Атырау облысында әйелін ұрып-соққан экс-шенеуніктің бас бостандығы екі жылға шектелді. Мақат ауданының әкімі болған Ринат Ибрагимов бұрынғы әйеліне 2 миллион теңге өтемақы да төлейтін болды.

Абылай Қарабеков, Атырау № 2 сотының судьясы:

Ибрагимов Ринат Қисаевичті ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танып, оған екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде Атырау облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Атырау қаласының № 2 соты арқылы апелляциялық шағым беруге өтініш хат келтіруге болады.

Судья экс-әкімнің бұрын сотталмағынын ескеріпті. Сондықтан жеңіл жазамен құтылып отыр.

Еске салайық Мақат ауданының әкімі болған Ринат Ибрагимовті бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева ұрып-соқты деп айыптаған. Бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс тудырып, кейін ол аудан әкімі қызметінен кетуге мәжбүр болды. Тіпті «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалған. Енді жұдырығы жуан экс-шенеунік екі жыл бойы пробация бақылауында болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде