{metadescription}
Шымкентте асырап алған алты баласын қорлаған әке жауапқа тартылмайтын болды
Шымкентте асырап алған алты баласын қорлаған әке жауапқа тартылмайтын болды

Шымкентте асырап алған алты баласын қорлаған әке жауапқа тартылмайтын болды

Шымкентте асырап алған алты баласына мысықтың етін жегізіп әбден қорлаған әке ешқандай жауапқа тартылмайтын болды. Себебі, сот оны ақыл-есі кем деп таныды.

Сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, У.Сманов созылмалы және психикалық аурумен ауырады және өз іс-әрекеттері істегенде ес-түссіз жағдайда болған. Бұл жағдай заң бойынша қылмыстық жауапқа тартуды жоққа шығарады. Сот ҚР ҚК

16-бабына сәйкес, У.Смановты қылмыстық жауаптан босатып, оған мамандандырылған психиатриялық стационарда емдеуге мәжбүрлеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүр шараларын тағайындады.

Өзін халық емшісі санайтын Ұлықбек Сманов 3-15 жас арасындағы алты баланы Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы балалар үйінен алып бауырына басқан. Бірақ жетімдерге қамқор болудың орнына, оларды аш-жалаңаш ұстап, ұрып-соққан, ауыр жұмысқа салған. Тіпті ит-мысықпен бірге ұстап, жануарлардың зәрін ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Психикалық ауруы бар кісіге бала асырап алуға кім рұқсат бергені әлі тексеріліп жатыр. Өгей әке қазір психиатриялық ауруханада. Ал балалар қайтадан мемлекет қорғауына алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде