{metadescription}
Жамбыл облысында екі мыңнан астам есек иен далада жайылып жүр
Жамбыл облысында екі мыңнан астам есек иен далада жайылып жүр

Жамбыл облысында екі мыңнан астам есек иен далада жайылып жүр

Жамбыл облысында екі мыңнан астам есек иен даланы еркін жайлап жүр. Байзақ ауданының тұрғындары сансыз есек бүкіл жайылымды жайпап, ауыл маңындағы егістікке ауыз сала бастағанын айтады. Жұрт бұл есектердің еті сауда сөрелері мен асханаларға өтіп кете ме деп алаңдайды. 

Ал есекке есі кеткен жергілікті кәсіпкер түліктің бұл түрін инновациялық жобаға арнап ұстап отырғанын айтады. Олар қытайлық инвестор есектің сүтінен дәрі жасайтын зауыт соғып, етін еуропаға экспортамақ дейді. Қазір мыңдаған есек шаруашылықтың арнайы дайындаған жеріне сыймай, тіпті сыртына шығып кеткен.

Жамбыл облысында төрт түлікке 164 мың гектар жайылым жер жетпейді. Енді Талас өзені маңын жайлаған сансыз есек төрт түліктің жайылымын ақтақырға айналдырып барады. Жергілікті кәсіпкер түліктің бұл түрін ұстауға арнайы орын дайындаған. Алайда саны екі мыңнан асқан есек 400 гектар қоршалған жерді түгел отап тастапты.

Мыңғырған есек бағатын шаруашылыққа да келіп жеттік. Бірақ мұнда жан баласы көрінбейді. Бірақ түн баласы осы жерге әкеліп қамайтыны анық. Өйткені мұнда суат та, барлығы қойылған. Қолқаны қапқан иістен демалу мүмкін емес. Әр жерде есектің қаңқасы мен өлекселері шашылып жатыр.

Бұған дейін үйір-үйір есек көрмеген жергілікті жұрт әкімдікке шағымданған. Содан атқамінерлер жұмыс тобын құрып, бұл мәселені зерттеуге көшкен. Айтуларынша, кәсіпкерге атшаптырым аумақты антисанитарияға айналдырғаны үшін айыппұл салған. Сондай-ақ мұндағы әр есектің санын біліп, бақылауда ұстау үшін арнайы чип салуға мінедеттеген.

Олжас Көкей, Жамбыл облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Чиптерді базаға енгізіп, тіркеу жұмысы жолға қойылды. Бұл жерде бір мәселе туындап жатыр. Ел шулап жүр. Осы еті сойылып, қоғамдық жерге таратылып кетмей ме деп Таратылмайды. Себебі ветинспекцияға мәлімет берілген. Олар қадағалап отырады.

Жер пайдаланудың талбын бұзғаны үшін 80 мың теңге айыппұл арқалаған кәсіпкер қазір шетелдік инвесторға есектің мол қорын көрсету үшін ілестіріп келіпті. Ол есек біткенді ауыл-ауылдан сатып алған. Оның орташа құны 25 мың теңгеге бағаланған. Шаруашылық басынан табылмаған кәсіпкер кәсіптің бұл жаңа түрінен «шошитындай ештеңе жоқ» дейді.

Айталы Құрманжан, кәсіпкер:

Бұрын істеп көрмегеннен кейін, сәл-пәл қиындық болды. Оны қазір ақырын ыңғайлап жатырмыз. Бұл енді айдаладан келген жоқ, елде жүрген есектер. Соны біз алып келіп, бір жерге жинадық. Сырттан инвестор келіп, сұраныс болып жатқанынан соң, біз де қуанып, істейік бар нәрсені дедік. Ары қарай алып жүрейік, қолдан келсе. Соны істеуге тырысып жатырмыз. Шошитын ештеңе жоқ. Біздікі заңды түрде. Тек сыртқа экспортқа шығарамыз.

Бүгін қытайлық инвестор 10 мың есекті ұстап тұруға жер сұрап облыс әкіміне барған. Ол 10 мың гектар жер жалға берілсе, құны 3 млрд теңге тұратын жобаны әкелуге әзір. Жоба бойынша шағын зауытта есек сүтінен дәрі шығарылып, етін Қытайға жөнелту жопарланған. Ол Қытайда есек сүтінен қатерлі ісік ауруын емдейтін дәрі жасайтынын айтады. 

Суй Чын Ын, қытайлық инвестор:

Жергілікті билік жобаны қолдауға әзір екенін айтты. Алайда барлығы елдегі заңға сәйкес жүргізілуі керек деді. Сосын елдімекеннен 150-200 шақырым әріде болуы тиіс деген талап қойды. Бізге есектерді ұстайтын орын мен азық дайындайтын жер болса жеткілікті. Бұл жобамыз мақұлданса, бір жылда инвестиция құйюға дайынмын.

Қазір облыс әкімдігі жерді жалға беру мәселесін қарастырып жатыр. Әзірге берілетін жер телімнің көлемі белгісіз. Мамандар инвест жобаның тағдыры 7 күнде шешіледі деп отыр. Ал алдын ала екі мыңнан астам есек жинап алған кәсіпкер оны бағудың ебін тауып, шашау шығармай көбейтемін деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде