{metadescription}
Степногорда зергер бұйымдар дүкенін тонағандар сотталды
Степногорда зергер бұйымдар дүкенін тонағандар сотталды

Степногорда зергер бұйымдар дүкенін тонағандар сотталды

Степногор қаласында алтын сататын дүкенді тонаған екі сотталушыға үкім шықты. Олар жертөледени бірінші қабаттағы сауда орнының еденін тесіп кіріп, 1365 дана әшекей затты үптеп кеткен болатын. Енді 36 және 47 жастағы ұрылардың бірі алты, екіншісі жеті жылға бас бостандығынан айрылды.

Оқиға Степногор қаласында былтыр мамыр айында болған. Әккі ұрылар алдын ала жоспарлаған сауда нысанына еденді ойып кіріп, сөредедегі алтын, гауһар тасты бұйымдарды түгел сыпырып кеткен. Олардың алтын дүкенін тонап жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған. Дабыл қоңырауы іске қосылып, күзет қызметі келсе де, есік-терезенің жабық екенін көріп, іштегі ұрыларды байқамаған. Дүкен тонаған екеу тез арада Астанада ұсталды. Степногор соты оларды 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ дүкен иесіне келтірген 30 миллион 600 мың теңге шығын өндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.