{metadescription}
«Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерді қылмыстық жауапқа тарту керек»
«Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерді қылмыстық жауапқа тарту керек»

«Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерді қылмыстық жауапқа тарту керек»

Киіз үйде жартылай жалаңаш ойқастап билегендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Әлеуметтік желіні дүр сілкіндіріп, бейәдеп қылығымен көзге түскен үшеуге қатысты «қатаң жаза қолданылмаса болмайды» деп отыр депутаттар.

Бишілердің бірі өзін қызтеке екенін жасырмайды. Сондықтан бұл жасырын түрде бір жыныстылар қозғалысына насихат болуы мүмкін. Мәжілісмендер бастамасына сәйкес, ұлтымыздың қастерлі киіз үйінің қақ ортасында сауық-сайран құрған бишілерден бөлек, идея авторы мен түсіру тобы да жазасын алуға тиіс

Самат Мұсабаев, Мәжіліс депутаты:

Ата-бабамыздан қалған қастерлі мұрамыздың бірі  киіз үй еді. Сан ғасыр бойы хандарымызға еңсесі биік ақ орда, халқымызға құт ұялаған баспана болған  киіз үйге ақпараттық шабуыл да басталды. Күні кеше оюланған киіз үйде ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаштанып ойқастаған үшеудің әлеуметтік желіні шарлаған бейнеролигі исі қазақтың ашу-ызасын тудырып отыр. Халықтың бұған наразылығы әбден орынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде