Елімізде азық-түлікпен қоса, қызмет көрсету құны да айтарлықтай өскен
Азық-түлікпен қоса, елімізде қызмет түрлерінің де құны айтарлықтай өскен. Әсіресе сұлулық салондарында. Мәселен, тырнақ бояу мен шаш қию қызмет ақысы бір жылда 15 пайызға қымбаттаған.
Автор: Шапағат Мырзабекова
19.06.2024
Finprom сарапшыларының есебінше, бағаның өсуі Астана мен Алматыда байқалады. Қазір ер-азаматтар шаштаразға орташа есеппен 3200 теңге төлесе, әйелдердің берер ақысы біршама үлкен. Ал тырнақ бояу қызметі былтырмен салыстырғанда екі есеге өскен. Бьюти сарапшылардың есептеуінше, өсім эпиляция мен педикюр құнында да тіркелген. Онда баға орта есеппен 10 пайызға өскен. іЖалпы елде қаңтар-наурыз айларында сұлулық салондарында көрсетілетін қызмет көлемі 18,7 млрд теңгені құрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!