{metadescription}
Кәсіпқой спорт клубтары орынсыз шығынға жол берген
Кәсіпқой спорт клубтары орынсыз шығынға жол берген

Кәсіпқой спорт клубтары орынсыз шығынға жол берген

Антикор мемлекет қалтасына салмақ салатын спорт клубтарын атады. Ең қымбатқа түсіп жатқаны "Астана" футбол клубы мен "Барыс" хоккей клубы. Соңғы алты жылда тек футбол клубтарына 200 млрд теңге бөлініпті. Ал қыруар қаражатты басшылар еңбекақыға, бір реттік төлемге, өзге де аударымдарға жұмсаған. Антикор кәсіпқой клубтардың орынсыз шығынға жол бергенін анықтады.

Инфрақұрылым жоқтығын сылтауратып, клубтар жыл сайын миллиондаған долларға футбол алаңдарын жалға алуды әдетке айналдырған. Сөйте тұра, қаржы мол салынғанымен, гол салуға келгенде сүрінетін біздің футболдағылар ФИФА рейтингінде әлі төменгі орында тұр.

Антикор мәліметінше, жемқорларға жемсау болған схема біртіндеп әшкереленіп жатыр. "Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынғаны есімізде. Ол «оқу-жаттығу жиынын өткіземіз» деген сылтаумен 85 миллион теңгені қалтасына басқан деген күдік бар.

Данияр Биғайдаров, Антикордың ресми өкілі:

Соңғы алты жылда небәрі 18 футбол клубын қаржыландыруға 200 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Мұндай шығындармен Қазақстан ФИФА әлемдік рейтингінде төмен орында тұр. Ең қымбат клуб "Самұрық-Қазына" АҚ демеу беретін "Астана" ФК, одан кейін "Барыс" хоккей клубы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде