{metadescription}
Алматылықтардың жылу мен ыстық суға қарызы 2 млрд теңгеден асқан
Алматылықтардың жылу мен ыстық суға қарызы 2 млрд теңгеден асқан

Алматылықтардың жылу мен ыстық суға қарызы 2 млрд теңгеден асқан

Алматылықтардың жылу мен ыстық суға қарызы 2 млрд теңгеден асқан. Бұл былтырғыдан 15 пайызға көп. Cуға жауапты мекеме қызметкерлері енді әкімдікпен бірігіп, берешегі көп борышкерлердің есігін қағып, үй-үйді аралап жүр. Қарыздан жалтарғандардың құбырын бітеп те жатыр.

Бір қызығы, су ақысын төлемейтіндердің дені зәулім үйде тұратын қалталылар мен жеке кәсіпкерлер. Мейрамхана, қонақ үй, лаундж бар сынды 2 мыңға жуық мекеменің есепшоты бұғатталған. Коммуналдық мекеме өкілдері тұтынушыларға төлем жасауға алдымен екі ай уақыт береді. Сол аралықта қарызын өтемегендердің ісін сотқа жіберіп, құбырын жабуға мәжбүр.

Бүгіннің өзінде бірнеше жеке тұрғын үй мен мейрамхананы ыстық судан ажыратты. Арасында шешіммен келіспей қарсылық танытқандар да аз болмады. Жылу мен су ақысын төлемейтін осындай жауапсыздардың кесірінен жаңа жылу маусымына да дайындық ақсайды дейді коммуналшылар.

Бағдаш Нұрсейітов, Алматы жылу жүйесінің коммерциялық директоры:

Құрылыс жұмыстарының жүргізілуі және дайындығы, қыстық қазандық оттық шаралардың өткізілуі осы қарыздардың тез қайтарылуына байланысты. Қазір жеке тұлғаларға қатысты, қарыздарына қатысты сот шешімдері шығарылып жатыр. Ыстық судан магистральдан бөлген жағдайда қайта қосылу үшін тағы айыппұл төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.