{metadescription}
Magnum-мен серіктес Павлодар фермерлері егін науқанын сәтті жүзеге асыруда
Magnum-мен серіктес Павлодар фермерлері егін науқанын сәтті жүзеге асыруда

Magnum-мен серіктес Павлодар фермерлері егін науқанын сәтті жүзеге асыруда

Павлодар фермерлері атақты Magnum жүйесімен серіктес болуының арқасында егін егу науқанын сәтті жүзеге асыруда. Форвард сатып алулар арқасында тұрғындар жыл бойы жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етілсе, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тұрақты сауда орнымен қамтамасыз етілген.

Magnum Қазақстанның 14 аймағында бар. Олар балғын өнімдерді сату, оның ішінде көкөністер мен жемістердің жаңа піскен болуына басымдық береді. Бұл тарапта оның сапасынан бөлек, бағасы да қолжетімді болғаны маңызды. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер басты назарда. Сондықтан келушілердің сұранысын ескере отырып, бірегей бағдарлама ойлап тапты.

Ғалымжан Исатаев, Magnum жаңа піскен көкөніс пен жеміс сатып алу бойынша директор:

Аталмыш жүйе айналым жүйесі деп аталады. «Магнум»2018 жылы жұмысын бастады. Бастапқыда жүйе екі аптаға есептелген, яғни ақша айналымда болды. Ол екі аптаға тауар сатып алуға жетті. Бағдарлама маусымаралықта басталды. Яғни бұл наурызда. Себебі наурыз айында бізде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы артады, ал бұл бағдарлама баға өсімін реттеуге көмектесті.

Біраз уақыттан соң фермерлермен тікелей бір жылға келісімшарт жасай бастаған. Павлодар облысындағы тұрақты серікткес – «Ақтоғай Агро». Компания сүт және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Картоп пен сәбіз өсіреді. 62 мың тонна өнімге арналған көкөніс сақтау қоймасы бар.

Арман Жукин, «Ақтоғай Агро» ЖШС қаржылық директоры:

Негізгі көкөніс сақтау қоймасында желдеткіш жүйесі тұр. Ол өнімді кептіріп, картоптың бүлінуіне жол бермейді. Үнемі жел соғып тұрады. Маусым аралықта далада күн ысығанда өнімді тоңазытқышта сақтаймыз.

Бұл тоңазытқышқа 5 мың тонна көкөніс сияды. Қазір онда өткен жылғы өнім картоп пен сәбіз де сақталған. «Ақтоғай агро» осы жерден тікелей кез келген уақытта өнімді Magnum-ға бекітілген бағамен жіберуге дайын. Сауда желісімен 7 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Айтуынша, бұл ынтымақтастық сатып алушыларға да, фермерлерге де тиімді.

Арман Жукин, «Ақтоғай Агро» ЖШС қаржылық директоры:

Форвард сауда  «Магнуммен» жұмыс істей отырып,күзден көктемге дейін қолайлы баға бар екенін білдіреді. Олар осы арқылы дүкен сөрелерінде соңғы тұтынушы үшін қолжетімді бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл Алматы, Шымкент және бүкіл ел нарықтарында.

Magnum фермерлерімен келісімшарт аясында қаржыландыру арқасында оларға тұарқыт егін салуды қамтамасыз етеді. Маңыздысы ақшаны ерте көктемде бөледі, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілердің негізігі шығындарын жабады.

Ғалымжан Исатаев, Magnum жаңа піскен көкөніс пен жеміс сатып алу бойынша директор:

Фермерлерге ақшаны ертерек бөлетіндіктен, олар тұқым, тыңайтқыш химияны өзіне қолайлы бағаға сатып алады. Фермерлерде, әсіресе, жоспарлаумен мәселе болып жатады. Сол себепті оларға өз ақша ағынын болжау қиын. Яғни барлығына бір уақытта ақша керек болып қалады. Біз ақшаны ертерек бөлгендіктен, олар бүкіл маусымды ертерек жоспарлай алады.

«Ақсу Логистик» компаниясына Magnum компаниясымен ынтымақтастық тамаша мүмкіндік. Олардың көкөніс өсірумен айналысқандарына бар болғаны бес жыл, алайда мәселе көп кездеседі. Басшылықтың айтуынша, ауыл шаруашылығында олар түрлі деңгейде пайда болады. Ал Magnum-мен келісімшарт өзекті түйткілдерді шешуге көмектеседі.

Аман Омаров, «Ақсу Логистик» ЖШС басшысы:

Біз тәуекел тобындағы жер шаруашылығымен айналысамыз. Бұл ретте көп қаражат кетеді. Бізге қаржымен көмектесіп жүрген «Магнумға» алғыс айтқым келеді. Оның арқасында тұқым саламыз. Сонымен қатар бұл сату үшін тамаша дүкен.

Фермерлерге тұрақты сату нарығы бизнесті дамытудың ең маңызды жағдайларының бірі. Magnum ауыл шаруашылығы өнімдерін сату арқылы бұл мәселені шешуде.

Ғалымжан Исатаев, Magnum жаңа піскен көкөніс пен жеміс сатып алу бойынша директор: 

Әлеуметтік маңызды тауарлардың төрт түрі бар: картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз. Осы өнімдер бойынша фермерлермен жұмыс істейміз. Қаржы егін салынғанға дейін бөлінеді. Осылайша фермер егін салу үшін, оны өсіру үшін алдын ала ақша алады. Бұл уақытта олар қаражатқа мұқтаж болады. Осының арқасында біз фермерден өнімді жинау кезінде тауарды қолайлы бағаға сатып алып, нәтижесінде біздің клиенттер тауарды әлеуметтік бағамен сатып алады.

Айта кету керек, компания Қазақстан бойынша жүздеген фермерлермен жұмыс істеуде. Компанияның бірегей бағдарламасы мыңдаған сатып алушыларға отбасылық бюджетті үнемдеп, кәсіпкерлерге отандық бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде