{metadescription}
Субұрқақта селфи жасамақ болған мектеп түлегінің өлімі тергеліп жатыр
Субұрқақта селфи жасамақ болған мектеп түлегінің өлімі тергеліп жатыр

Субұрқақта селфи жасамақ болған мектеп түлегінің өлімі тергеліп жатыр

ҰБТ тапсыруға келіп ажал құшқан талапкердің өлімі бойынша тергеу жүріп жатыр. 17 жастағы жігіт Алматыдағы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы субұрқаққа түсіп, селфи жасамақ болған.

Ол суға құлап, жедел жәрдем келгенше өз жұмған. Университет өкілдерінің айтуынша, 11 сынып оқушысы білім ордасына ҰБТ тапсыруға келген. Бірақ техникалық ақауға байланысты бүкіл Алматыда кеше сынақ өткізілмей, тест тапсыруға келгендер үйіне таратылған. Жігіттің өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен сол жердегі куәгерлер әртүрлі болжам айтады. Бірі фонтанға түскенде электр тоғы соққан десе, екіншісі жүрек талмасынан кетті дейді. Қазір полиция департаменті оқушының өліміне қатысты тергеуді бастады. Өлім себебі енді тек сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде