{metadescription}
Президент шағын несие беру тәртібін күшейтуге қатысты заңға қол қойды
Президент шағын несие беру тәртібін күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Президент шағын несие беру тәртібін күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Елімізде енді несие алу бұрынғыдай оңай болмайды. Себебі  шағын несие беру тәртібін күшейтуге қатысты заңға президент қол қойды. Жаңа ереже алпы күннен кейін күшіне енеді.

Шағын несие алуға қатысты тұрғындар тарапынан шағым көп. Микроқаржы ұйымдарының кім болса соған ақша ұстата салатыны жасырын емес. Кейін берешегі көбейгенде борышкердің жан алқымынан алып, тентіретіп жіберетін кездері де бар. Енді жаңа заңға сәйкес, онлайн несие берерде қарыз алушының түр-келбетін көрінетіндей қылып, биометриялық тексеруден өткізу міндеттеледі. Бұл, ең алдымен, әркімнің атына несие рәсімдейтін алаяқтардың жолын бөгеуге бағытталған.

Ең бастысы, енді ерлі-зайыпты азаматтар жарының келісімінсіз несие ала алмайды. Сондай-ақ банк алдындағы берешегі тоқсан күннен асқандарға да тұтынушы несиесі берілмейді. Әйтсе де қаржыгерлер жаңа заң күшіне енсе, үстемақымен астыртын қарыз берушілер көбейеді деп болжап отыр.

Арман Бейсембаев, экономист:

Адамға қай кезде де ақша керек. Қосымша қаржы алу үшін банктің несиелеу және микроқаржы ұйымдарын жағалап жүреді. Тыйым көбейген кезде қаржы ұйымдары ісін қылмыстық жолмен немесе несие берудің заңсыз жолын тауып, солай жалғастыра беруі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде