{metadescription}
Вейп сатқандар, таратқандар қылмыстық жауапқа тартылады
Вейп сатқандар, таратқандар қылмыстық жауапқа тартылады

Вейп сатқандар, таратқандар қылмыстық жауапқа тартылады

Енді елімізде вейп сатқандар мен оны таратып, жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бүгіннен бастап бұл заң күшіне енді.

Шегуге келмейтін темекі өнімдері мен вейптерге тыйым салу туралы заңға президент сәуір айында қол қойған. Сондықтан бүгіннен бастап денсаулыққа зиян өнімді сату және оны таратқандар 700 мың теңгеден аса айыппұл төлейді. Немесе 50 күнге дейін қамауға алынады.

Ал осы зиянды затты өндіріп, айналымға шығарғандарға жаза қатаңдау. 7 миллион теңге айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қылмыстық топ құрамында вейп саудасынан пайда тапқандар 18 миллион 400 мың теңге айыппұл не бес жылға дейін қамалады.

Жуырда ғана оқу-ағарту министрлігі вейпті мектепке әкелуге тыйым салған заттардың тізіміне енгізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде