{metadescription}
Небәрі төрт айда 14 бүлдіршін терезеден құлап көз жұмған
Небәрі төрт айда 14 бүлдіршін терезеден құлап көз жұмған

Небәрі төрт айда 14 бүлдіршін терезеден құлап көз жұмған

Айдың күннің аманында баладан айрылып жатырмыз. Жаз шыға, «терезеден құлап мерт болды» деген жайсыз хабар жиі шығады. Биыл да небәрі соңғы төрт айда 14 бала жоғары қабаттан ұшып кеткен.

Өкінішке қарай, биіктен жерге құлдилап өмірі ерте үзілген өрендер саны жыл сайын артуда. Көңіл көншітпейтін статистиканың өсуіне төтеншеліктер баланың ата-анасын кінәлайды. Себебі үлкендер жағы қорғаныш темірін орнатуды құнттамайды. Қас пен көздің арасында баласы төменге құлап мерт болғанда ғана бармағын тістеп, «әттеген-айлап» жатады дейді мамандар. Ал қауіпсіздік кепілі саналатын қорғаныш торы бір терезеге 10-20 мың теңге арасында қойылады.

Төтенше жағдай қызметкерлері жылда қайталанатын қателікті болдырмау үшін баланы қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздікке баса мән беруді ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде