{metadescription}
Тасқын: Атырау облысында тас жолдар қалпына келтіріле бастады
Тасқын: Атырау облысында тас жолдар қалпына келтіріле бастады

Тасқын: Атырау облысында тас жолдар қалпына келтіріле бастады

Атырау облысында тасқын талқандаған тас жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Кейбір трассаларды ауылдарды судан аман алып қалу үшін әдейі бұзған еді. Аймақта 27 шақырымға жуық жол мен бес көпір жарамсыз болған. Шығын көлемі 8 миллирад теңгеден асады дейді мамандар. Бірақ өңірдегі жайылған су толық қайтпайынша, барлық жерде құрылысты бастауға мүмкіндік жоқ екен.

Атырау облысында тасқын кезінде республикалық маңызы бар жолдарды су басты. Алдымен Атырау - Ақтау жолы, одан соң Атырау-Орал, Атырау – Индер және бірнеше ауданаралық жолдар бұзылды. Шамамен 27 шақырымға жуық. Өңірде тасқын қаупі сейіліп, енді ғана қалпына келтіре бастады. Кейбір тас жолдар ауылдарды аман алып қалу мақсатында әдейі бұзылған еді.

Жанат Кенжеғалиева, Сарайшық ауылының әкімі:

Осы жолды кеспегенде, үш мың тұрғын суға кететін еді. Оның бәрін халық біліп отыр. Осы жолдың бірер күнде қосылатынына біз куәміз. Бүкіл жағдай жасалып жатыр. Ауданнан да, облыстан да, «ҚазАвтожолдан» да бар техника жеткізіліп, жұмыс істелініп жатыр.

Тасқыннан аймақта бес көпір бұзылған. Оның екеуі Қызылқоға, екеуі Жылыой ауданы, бірі Атырау қаласында. Жалпы өңірдегі су басқан жолдар мен көпірлерді жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып жатыр. Бірақ су толық тартылмайынша, жұмысты бірдей бастап кету емес дейді жауаптылар.

Әлібек Мұхамбетқалиев, Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Атырау облысы бойынша барлығы 26,5 шақырым жол су тасқынынан бұзылған болатын. Оның ішінде 5 көпіріміз бар. Жалпы қазір Жылыой ауданы, Қызылқоға ауданы және Индер ауданы, Махамбет ауданы бойынша жұмыс біртіндеп жасала бастады.

Атырау аумағында тасқын су 45 шақырымға жайылған. Қауіп сейілгенмен, су деңгейі баяу түсіп жатыр. Сондықтан бүлінген жолдар мен көпірлерді қалпына келтіруге үш айдай уақыт кетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде