{metadescription}
Артық жүк тиеген көліктерге жолда жүруге тыйым салынады
Артық жүк тиеген көліктерге жолда жүруге тыйым салынады

Артық жүк тиеген көліктерге жолда жүруге тыйым салынады

Елімізде артық жүк тиеген көліктерге жолда жүруге тыйым салынады. Себебі жалпыға ортақ автомобиль жолдарының тез бұзылуына бірден бір себепші — солар. Тиісті құжат әзірленіп жатыр және жыл аяғына дейін күшіне енеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін көлік вице-министрі мәлімдеді.

Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, ауыр техниканың кесірінен трассаларға 500 млрд теңгенің залалы тиіпті. Сондықтан алдағы уақытта көлік жүргізушілеріне әкімшілік айыппұл салу көзделеді. Әзірге оның сомасы белгісіз.

Ресми мәліметке сәйкес, ел аумағында 60 мыңға тарта жүк тиегіш көлік тіркелген. Жалпыға ортақ жолдарда жүріп, шамадан тыс жүктемемен ауыр материал тасымалдайтын да осы көліктер. Жыл басынан бері көлікке шамадан тыс жүк тиеген 700-ден аса адам жауапқа тартылыпты. Көлік бақылауды барынша қамтамасыз ету үшін жауапты министрлік рейдтерді күшейтіп, автоматтандырылған өлшеу станцияларының санын арттыруды жоспарлап отыр. Әзірге пилот жоба ретінде елорданың кіреберісіне орнатылған автомат алты жаңа станция тиімді жұмыс істеп тұр.

Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:

Белгіленген 25 тоннаның орнына 100 тоннадан аса жүк таситын көліктер бар. Ол техника түрі карьерлерде жүруге арналған. Сәйкесінше, мультипликативті әсерін беріп, жолдың мерзімінен бұрын тозуына әкеп соғады. Сондықтан жолға шығуға тыйым салынады. Бұл норма салмағы 25 тонна болатын жүкті тасымалдаушыларға қолданылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде