{metadescription}
«Билет жоқ болса». Пойызға билет алудың тиімді тәсілі
«Билет жоқ болса». Пойызға билет алудың тиімді тәсілі

«Билет жоқ болса». Пойызға билет алудың тиімді тәсілі

Жаз шыға сала, қазақстандықтар тіпті тозығы жеткен пойызға билет таба алмай әлегі шығады. «Жолаушылар тасымалы» компаниясының басшысы жылда қайталанатын мәселенің себебін түсіндірді. Жәнібек Тайжанов сұранысы жоғары жаз маусымында билетке қол жеткізудің жолдарын бөлісті.

Жәнібек Тайжанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры:

Билет жоқ болса, жолаушыларымызға кезекке тұру мүмкіндігі бар, біз арнайы осындай қызметті енгіздік. 2023 жылды алатын болсақ, билет сатып алған 170 мыңға жуық жолаушы мұны сәтті пайдаланды. Мәселен біреуі билеттен бас тартса, бірден билет кезектегі адамға бұйырады. Осылайша 177 мың билет сатып үлгердік. Бұдан бөлек, егер А нүктесінен Б нүктесіне тікелей билет болмаса, яғни Астанадан билет жоқ болса, онда Қарағандыға жетіп, сол жерден басқа пойызға отыруға болады.

Лайфхакты бөліскен Тайжанов вагондардың қашан толық жаңаратынына тоқталды. Ол 28 жылдан бері қолданыста жүрген, терезесі ашылмайтын, желдеткіші мен биотуалеті жоқ вагондар 2030 жылға дейін есептен шығарылатынын жеткізді. Жолаушылардан үнемі шағым түсетін сексенінші, тоқсаныншы жылдары шығарылған 600-дей вагон әлі де қолданыста екен. Компания басшысы алыс-жақыннан жаңа вагондарды сатып алу қарқынды жүріп жатқанын айтты. Мәселен, келер жылы Қазақстанға заманауи үлгідегі «Штадлер» вагондары жеткізіледі. Оған қоса, алдағы уақытта пойыз жолаушыларына Starlink интернеті де қолжетімді болмақ. Ал пойыздардың кешігуінің басты себебін Жәнібек Тайжанов су шайып кеткен рельстерге жөндеудің жүргізілуімен байланыстырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде