Оралда үш мыңға жуық үй сүріліп, жер мемлекетке өткізіледі
Оралда үш мыңға жуық үй сүрілетін болады. Ал жер учаскелері мемлекеттің меншігіне өткізілмек. Қазір әкімдіктегілер саяжайдағы үйлерді жоқ қылып, оның орнын тазалауға қанша қаржы жұмсалатынын есептеп жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.06.2024
Көктемгі тасқын кезінде Оралдағы үш мыңға жуық үй су астында қалып, ақыры бұзылған еді. Шаңырағынан айырылған отбасыларға басқа үй беріліп жатыр. Ал заңға сәйкес, баспаналы болғандардың саяжайдағы жер учаскесі коммуналдық меншікке өткізілуде. Алдымен газы мен электр жарығынан ажыратылып, одан соң үй оның орнын тегістеп сүріп жатыр. Бүгін тасқыннан онсызда қирап тұрған төрт үйді түгін қалдырмай бұзып, жиналған қоқысын көлікке тиеп полигонға тасыды. Тұрғындардың құрылыс қалдықтарынан керегін алып, учаскені тазартуды өздеріне жүктеу мүмкін емес деп отыр шенеуніктер. Сондықтан мердігерлер жалдап, бюджет ақшасына сүрілмек. Бұл жұмыстарға қазынадан қанша қаржы бөлінетіні әзірге белгісіз.
Жандос Дүйсенғалиев, Орал әкімінің орынбасары:
— Саяжайда үш мыңға жуық отбасыға жаңа үй беріледі деп жоспарлануда. Үш мыңға жуық ескі үйді бұзуымыз қажет. Жерді мемлекетке қайтарып, сол жерде орналасқан тұрғын үйлерді өз тарапымыздан, жергілікті атқару органы тарапынан заңда көрсетілгендей демолнтаж жасап, бұзып, қоқыс алаңына апаруымыз қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!