{metadescription}
Алматыда жасөспірімнің өліміне қатысты сот аяқталуға жақын
Алматыда жасөспірімнің өліміне қатысты сот аяқталуға жақын

Алматыда жасөспірімнің өліміне қатысты сот аяқталуға жақын

Тергеу қайта жүріп, күдіктілер толықты. Алматыда жасөспірімнің өліміне қатысты сот аяқталуға жақын. Кісі өлтірді, бұзақылық жасады деген айып бір емес, енді екі адамға тағылып отыр.

Жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес былтыр қыста болған. Жанжал арасында жігіттердің біреуі қатарласына пышақ ұрып, жазым қылады. Әу бастан күдікті ретінде 18 жастағы Арсен Мәжит танылған еді. Алайда, оның адвокаты қорғауындағы азаматтың жазықсыз айыпталып жатқанына дәлел табудың арқасында судья істі қайта тергеуге жіберді. Осылайша тергеуде тағы бір күдікті анықталып, қолына кісен салынды.

Қазір айыпталушы орындығында екі адам отыр. Бірақ Арсеннің жақындары пышағынан ешқандай қан ізі анықталмаса да, адам өлімі үшін жаза арқалап кете ме деп қорқып отыр. Олар ұлдарының бұзақылық жасаса да, адам өлтіргеніне сенбейді.

Әлібек Секеров, адвокат:

  Сот тергеу органдарының орнына екінші фигуранттың 99-бап бойынша осы қылмысты жасағанын дәлелдейтін деректер таптым. Сол күнгі оқиғаның қалай болғаны, сондай-ақ кімнің пышақ ұрғаны туралы айтылатын аудио жазба таптық. Арсеннің пышағынан қылмыс іздері болмағанын сараптама көрсетті. Ал үш сарапшы ғылыми түрде кез келген нөлден төмен температурада іздің сақталатынын растады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.