{metadescription}
Қарағандыда орнатылып жатқан темір конструкция жұрттың ашуын туғызды
Қарағандыда орнатылып жатқан темір конструкция жұрттың ашуын туғызды

Қарағандыда орнатылып жатқан темір конструкция жұрттың ашуын туғызды

Қарағандыда белсенділер қаланың кіреберісіне орнатылып жатқан темір құрастырмаларға наразылық танытты. Металдан жасалған ағашқа ұқсас конструкцияның біреуіне бюджеттен 4 жарым миллион теңге бөлінген. Қала билігі оның онын тұрғызуды жоспарлаған.

Денис Денски:

Менің ойымша, бағасы қолдан көтерілген. Мұнда қанша шығын кетті? Металл ғана. Біреуге тиімді болып тұр деп санаймын. Өйткені қалада кәріз құбырлары ескірген, ауыз су, жарық проблемалары жетеді. Жолдар шұрық-тесік. Ақшаны жарататын жер көп.

Темірден дәнекерлеп тұрғыза салған дүниені қалада «қоғамдық әжетхана», «темекі шегетін орын» немесе «ЛРТ елесі» деп атай бастады. Біреуіне 4 жарым миллион теңге жұмсалғаны тұрғындардың ашуын туғызды. 10 конструкцияға 45 миллион теңге кеткені тіпті «шеккен шыққандық» дейді. Айдаладағы аузы-мұрны жоқ отауға ұқсайтын құрастырманы кім ойлап тапқаны да белгісіз. Бірақ қала билігі сын айтқандардың «шығырмашылық талғамы жоқ» деп отыр. Айтуынша, кіреберіске шөп те, ағаш та өспейді. Сондықтан темірмен әрлеуді жөн санапты. Оған шамдар орнатылғанда, «тіпті әдемі болады» деп сендіреді.

Жанар Елшібекова, Қазыбек би ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

Қалада шешілуі тиіс мәселелер көп екені түсінікті. Бірақ безендірумен де айналысу керек. Онсыз қаланың сәні кірмейді. Қандай жұмыс істесек те, сын айтыла береді. Мейлі ,ол коммуналдық немесе әлеуметтік сала болсын. Жұмыс аяқталғанан кейін ойы өзгереді деп сенемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.