{metadescription}
Игі бастама: Салық қызметкерлері мемқызметті дұрыс пайдалану жолын түсіндіріп жатыр
Игі бастама: Салық қызметкерлері мемқызметті дұрыс пайдалану жолын түсіндіріп жатыр

Игі бастама: Салық қызметкерлері мемқызметті дұрыс пайдалану жолын түсіндіріп жатыр

Бүгін салық қызметкерлері азаматтарға мемлекеттік қызметті дұрыс пайдалану жолдарын түсіндіріп, құжатты дұрыс толтыру әдістерін көрсетті. Аталмыш QOLDAU науқанын Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен салықшылар апта сайын жүргізеді екен.

Надежда Сайфуллина, жеке кәсіпкер:

Шынымды айтсам, көкейде жүрген сауалдар өте көп еді. Соның бірі Ресей мен Қазақстан арасындағы импорт тауарды сатуға рұқсат беретін арнайы құжат. Бүгін мен барлық сұрағыма жауап алдым. Бұл шара маған жаңалық болды. Осындай науқан өткізіп тұру қажет. Осындай әдіс арқылы мемлекеттік қызметкерлер халыққа одан әрі жақын бола түседі.

Биыл жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, мекеме құрылтайшылары мен олардың жұбайлары қосылды. Яғни биыл осы санатқа кіретіндер мүлкін көрсетеді. Салықшылардың айтуынша, рәсім барынша жеңілдетілген. Мәселен, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік, көлік, банк шоттарындағы ақша мәліметін көрсету шарт емес. Тек елімізден тыс мүліктер нысанға енгізіледі.

Абай Әлі, Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

Таңертеңгі сағат 9-дан бері 18 салық төлеуші өтініш білдіріп, өз сұрақтарын қойды. Оның ішінде жетеуі заңды тұлға, бес салық төлеуші жеке кәсіпкер. Біз дайынбыз. Әрине, кесте белгіленген. Бірақ мен өз тарапымнан ,басқарма басышысы ретінде кестеден тыс та, 9-дан сағат 5-ке дейін кез келген салық төлеушіні қабылдап ,заңнама бойынша, заң аясында толық жауап беруге дайынмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.