{metadescription}
21, 22, 23 маусымда —  «Kaspi Жұма»
21, 22, 23 маусымда —  «Kaspi Жұма»

21, 22, 23 маусымда — «Kaspi Жұма»

Қазақстанда «Kaspi Жұма» тағы өткізіледі. Баршаға сүйікті болған бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі ертең басталып, үш күн бойы – 21, 22, 23 маусымға дейін жалғасады.

Жөндеу жұмыстарын жасау, демалу, салқындатқыш сатып алу, киім-кешекті жаңарту... Жазда көп нәрсе істеп үлгеру керек! Қазақстандықтар қазірдің өзінде жазғы «Kaspi Жұма» барлық затты отбасы бюджетіне салмақ түсірмей сатып алуға септігін тигізетінін жақсы біледі.

Мерекеге он мыңдаған шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ жетекші қазақстандық және әлемдік брендтер қатысады.

Ал əр «Kaspi Жұма» сайын отандық өнім өндірушілердің көбейіп келе жатқаны ерекше қуантады.

Қайырбек Анатоликов, Kargaly Mebel компаниясының негізін қалаушы:

Өте пайдалы. Тұтынушыларымыз да қуанады. «Kaspi Жұмаға» қатысатынымызды алдын ала сұрап отырады. Әрине қатысамыз.

Орташа бағамен 32-35 млнға дейін. Ал «Kaspi Жұма» арқылы саудамызды осы мөлшерден үш есеге арттырамыз

Біз «Kaspi Жұмаға» бүкіл бригадамызбен, командамызбен дайынбыз.

Ләззат Иманғалиқызы, Sapa Plast компаниясының сату маманы:

Ашылғанымызға алты жылдан астам уақыт болды. Пластик және алюминий есік-терезе өндірумен айналысамыз.

Kaspi қосымшасын өзіміздің компания ашылғалы қолданамыз. Ол біздің клиенттеріміздің сұранысы бойынша. «Kaspi Жұма» болған кезде, яғни өткен ақпан айында жоғарғы чек 60 млн теңгеге сауда жасадық

Бізге «Kaspi Жұма» жақсы көмектесті. Өйткені клиенттерімізге де де барынша ыңғайлы бөліп төлеу. Бізге де клиенттеріміздің сұранысын орындаған ыңғайлы.

Инна Апенко, Mimioriki және Global Nomads қазақстандық брендтерінің негізін салушы:

«Kaspi Жұма» біз сияқты шағын және орта бизнеске, брендтерге, компанияларға да тиімді, өйткені ол орташа чекті және жалпы сауда көлемін және жалпы брендтің, марканың танымалдылығын арттырады. Өйткені сол күндері сауда орталықтарына келушілер көбейеді. Сондықтан бұл бізге, бизнеске құнды ресурс және клиенттерге, аудиторияға, Қазақстан азаматтары үшін де тамаша ресурс.

Сонымен қатар курьер компаниялары да «Kaspi Жұмаға» қызу дайындалып жатыр. Олаар әрбір затты сатып алушының тікелей үйіне немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа тегін жеткізіп береді.

«Kaspi Жұма» затты тиімді сатып алу ғана емес, көптеген қазақстандыққа жұмыс тауып беріп отыр. Отандық компанияларға да сауда көлемін бірнеше есе арттырып, дамуына, жаңа жұмыс орнын ашуға жақсы мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде