{metadescription}
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында бес адамды күйік шалды. Балқыту пешіндегі жалын жұмысшылардың беті мен қолын шарпыған.

Ферроқорытпа зауытындағы кен қыздыратын қазандықта от шашыраған. Ұшқын төрт жұмысшының қолын күйдірген. Ал жалынан 42 жастағы тағы бір азаматтың беті мен білегі күйген. Бірақ дәрігерлер оның «жарақаты жеңіл болған соң үйіне қайтардық» деп отыр. Зауыттың медбикесі жұмысшылардың жарақатын таңып, жедел жәрдем шақырған. Өндіріс орнында болған оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр.

Нұрлан Әбішев, Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері:

Күйік алған науқастарды жеткізді. Сол жерде жарылыс болып, жұмыс кезінде бесеуі келді. Оның біреуі амбулаторияға жіберілді , жарақаты аз болғаннан кейін. Қалған төртеуін жарақаттан емдеу бөлімшесіне жатқыздық. Жағдайы орташа ауыр. Ем-дом алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.