{metadescription}
Тасқын: Бүлінген 39 мектеп қалпына келтіріліп жатыр
Тасқын: Бүлінген 39 мектеп қалпына келтіріліп жатыр

Тасқын: Бүлінген 39 мектеп қалпына келтіріліп жатыр

Су тасқынында 39 білім беру нысанына зақым келген. Парламент палаталарының бірлескен отырысында бүгін премьер-министр бүлінген мектептердің біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын айтты.

18-і күрделі жөндеуден өткізілген, 9 мектеп қабырғасы шөгіп, мүлдем пайдалануға жарамай қалыпты. Жалпы осы уақытқа дейін 8 мыңнан астам үй қауіпті деп танылған. Үкімет басшысы зардап шеккен барлық тұрғын міндетті түрде баспанамен қамтылатын айтты. Инженерлік тораптар мен әлеуметтік инфрақұрылымдардың да басым бөлігін су шайып кеткен. Барлығы 2300-ден астам электр мұнарасы зақымдалып, 54 шақырым электр желісі үзілген.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

 — Бүгінде 33 мың отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш ретінде өтемақы алды. Бұл мақсатқа бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Зақым келген үйлерді тексеру 17 982 үйге жүргізіліп, 15 685 үйге бағалау жүргізілді. Үйлердің жартысына жуығы жөндеуді және қалпына келтіруді қажет етеді. Қазірдің өзінде 5823 отбасы жөндеу-қалпына келтіру үшін өтемақы алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде