Вейп: Кәсіпкерлер өтініші қанағаттандырылмады
Жыл соңына дейін вейп сатуға мүмкіндік сұраған кәсіпкерлердің өтініші қанағаттандырылмайтын болды. Депутаттар оларға бұған дейін өнімдерін шетелге сатып жіберуге мүмкіндік берілген деп отыр.
Автор: Айжан Шамшидин
21.06.2024
100 күн бұрын жаппай ескерту де жасалыпты. Өнімдерін сатып үлгермегендер енді тауарларын утилизация арқылы жоя алады. Ал жасырын түрде түрлі жолмен, соның ішінде интернет арқылы вейп сатқандар құзырлы органдардың тексерісіне ілінеді. Қылмыс үстінде ұсталғаны 50 тәулікке дейін қамалады, ал ел аумағына әкеліп таратқандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Айта кетейік, жуырда кәсіпкерлер артылған тауарлардың қалған бөлігін сатуға 60 күн қосымша уақыт сұраған болатын.
Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:
— 60 күн уақыт берілді. Мәжілістен қабылданып шыққанына да 100 күндей уақыт болды. Әрбір кәсіпкер түсіну керек қой, осындай қауіп болуы мүмкін екенін. Одан бөлек, қолдарында сатып жатқан вейптердің не лицензиясы жоқ, не сараптамасы жоқ. Сол себепті барлық жұмыс реттелу керек, утилизацияға жіберу керек немесе вейп сатуға рұқсаты бар мемлекеттерге беріп тастау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!