{metadescription}
Меккеде аптап ыстықтан қайтыс болған адам саны мыңнан асты
Меккеде аптап ыстықтан қайтыс болған адам саны мыңнан асты

Меккеде аптап ыстықтан қайтыс болған адам саны мыңнан асты

Құлшылық жасаймыз деп шейіт боп жатыр. Меккеде аптап ыстықтан қайтыс болған адамдардың саны мыңнан асты. Ажал құшқандардың арасында отандастарымыз жоқ.

Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке қаласындағы ауа температурасы бірнеше күннен бері 50 градустан түспей тұр. Бес парыздың бірін өтеуге келген мұсылмандар қолшатыр ұстап, үстііне салқын су шашып амалдап жүр. Ал аптапқа шыдай алмағандарының демі қасиетті мекенде үзіліпті. Қайтыс болғандардардың ең көбі, нақтырақ айтсақ, 658-і мысырлықтар. Қалғаны Үндістан, Иордания, Пәкістан мен Тунис азаматтары.

Жалпы биыл құлшылық жасауға 22 мемлекеттен бір жарым миллионнан аса адам келіпті. Оның 5 мыңнан астамы қазақстандық. Олардың жанында елден жіберілген 20 дәрігер бар екен.

Қайрат Сағынтайұлы, дәрігер:

 — Қазақстаннан келген 20 дәрігерге медициналық көмекке 1700 қаржы қаралды. Барлығы дін аман. Өміріне қауіпті жағдай болған жоқ. Қажылар көбіне күннің ыстығы, шаршағанына, артериалдық гипортенизия және жеңіл-желпі жарақатына байланысты қаралды. Бәрі дін аман.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде