{metadescription}
"Келешек": Баланың оқуына қаражат жинаймын дегендер қамдана берсін
"Келешек": Баланың оқуына қаражат жинаймын дегендер қамдана берсін

"Келешек": Баланың оқуына қаражат жинаймын дегендер қамдана берсін

"Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі арқылы баласының оқуына қаражат жинаймын деген ата-аналар қамдана берсе болады. Себебі жыл аяғында кез келген банктен арнайы шот ашуға мүмкіндік туады дейді жоғары білім және ғылым министрлігі.

Демография өсімінің алдағы он жылдықта жоғары болуынан тегін білім гранты жетіспейтінін осыған дейін жауапты ведомство айтқан. Сондықтан Үкімет мәселені «Келешек» бағдарламасы арқылы шешіп көрмек. Жүйеге баласы бес жастан асқан әр азамат тіркеле алады. Ерікті түрде ашылатын шотқа 4 тетіктен қаржы құйылады. Әуелі мемлекеттен бастапқы капитал ретінде 60 айлық есептік көрсеткіш, яғни 207 мың теңге көлемінде сыйақы түседі. Одан соң бала кәмелетке толғанша ата-анасы ай сайын кемі 3450 теңгеден шотты толтырып тұруы қажет.

«Келешекпен» қатар бір жылда іске қослатын «Ұлттық қор балаларға» жобасындағы ақшаның елу пайызы да баланың білім алуына бағытталмақ. Шенеуніктердің есеп-қисабынша, осылайша тиыннан теңге құралып, бала мектепті бітіргенше, бас-аяғы шамамен 12 миллион теңге жиналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде