{metadescription}
«Бұрынғы уақытты қайтару». Жұмыс тобы әлі де талқылайды
«Бұрынғы уақытты қайтару». Жұмыс тобы әлі де талқылайды

«Бұрынғы уақытты қайтару». Жұмыс тобы әлі де талқылайды

Бұрынғы уақытты қайтару мәселесін қараған арнайы жұмыс тобы, яғни ғалымдар мен шенеуніктер бүгін сұрақты әлі де талқылаймыз деп тарқасты.

Биология ғылымының докторы Сұлтан Төлеуханұлы Қазақстан қазіргі уақыт белдеуінде қалуы керек деген пікірде. Себебі, ол табиғи уақыт дейді ғалым. Ал тұрғындар ұйқысының бұзылуы сағат тілінің өзгеруімен байланысты емес екен. Еліміз бұл уақыт белдеуіне көшкелі төртінші ай болды. Сағаттың ауысқанына қарсы азаматтар петиция жариялап, 50 мың қол жинап қойған еді. Мәселені қазір сауда және интеграция министрлігі құрған жұмыс тобы қарап жатыр.

Сұлтан Төлеуханов, биология ғылымдарының докторы:

 — Ол сағатты ешкім алып тастаған жоқ, ешкім ұрлап кеткен жоқ. Бәрі табиғи уақыт орнында болады. Бәрінің айтып отырғаны, біз ерте тұрғанда, ерте жататын болып жүрміз. Бір сағат азайып кетті. Бір сағат кеш тұрғанда күн жарық болып тұр деп айтып отыр. Ол субъективті әңгіме. Кейбір кісілер жөндеп ұйықтамаған соң, ұйқысы қанбаған соң, немесе көп ұйықтап қойып, ритмі бұзылған соң, сондай өзгерістер болып жатыр. Организм бейімделеді, біз өте, пластикалық, мобильді, бейімделе білетін жүйеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде