{metadescription}
Фонтан — шомылатын жер емес
Фонтан — шомылатын жер емес

Фонтан — шомылатын жер емес

«Шомылуға болмайды». Ғылым және жоғары білім министрі Алматыда субұрқақта көз жұмған оқушының өліміне қатысты пікір білдірді. Саясат Нұрбектің айтуынша, жігіт тыйым салынған белгіге қарамастан, субұрқақтың тура ішіне түскен. Ал оның ажалы тоқ кернеуінен, не жүрек талмасынан келгенін сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Қайғылы жағдай болған субұрқақ жұмыс істемейді. Жалпы еліміздегі фонтандарға кім жауапты және қосылмас бұрын тексеріле ме?

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында болған жағдай бәрімізді абдыратқаны рас. 17 жастағы баланың қазасына қатысты түрлі болжам айтылды. Әйтсе бүгін министр талапкердің қазасына пікір білдіріп, мән-жайдың қалай болғанын мәлімдеді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

 — Оқиға сағат төртте, күн ыстық болып тұрғанда болған. Тыйым салатын белгіге қарамастан, ол субұрқаққа түскен. Субұрқақтың екі тостаған бар, ол тура ішіне кірген. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болуы керек. Алдын ала мәлімет бойынша, жүрегі тоқтап қалған немесе ток соққан болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күту керек.

Саясат Нұрбек, марқұм болған бала қаладағы №185 мектептің түлегі болғанын айтады. Сол күні университетке ҰБТ тыпсыруға келген, бірақ техникалық ақауға байланысты сынақ өтпеді. Білім ошағы қайғылы оқиғадан кейін субұрқақты өшіріп тастаған. Жан-жағында бұған дейін «шомылуға болмайды» деген белгілердің болғаны да айтылып жатыр.

Еркін Дүйсенов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры:

 —«Суға түсуге тыйым салынады» деген жазу төрт жағында жазылған. Себебі универститет аумағы көркем әрі жайлы болғандықтан, тұрғындар мен студенттер мұнда еркін жүреді. Олардың қауіпсіздігі үшін міндетті түрде сол белгілерді қойғанбыз. Университетіміздің аумағында болған оқиғаға байланысты марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

 — Мына жерде еш нәрсе жазылмаған. «Тоқ ұрады» , «түсуге болмайды» деп. Қараңыз, екі адам түсіп, қазір ес-түссіз жатыр.

Соңғы уақытта субұрқаққа түсіп опат болғандардың жиілегені рас. Бұған дейін Алматыдағы цирк алдында фонтан суына түскен қыздарды тоқ ұрып, құтқаруға ұмтылған анасы да зардап шеккен еді. Абырой болғанда сол маңдағы адамдар көмекке келіп, аман алып қалған. Ал былтыр Шымкентте құтқарушылар субұрқаққа батып кеткен 10 жастағы баланың мәйітін алып шықты. Осы тұрғыда мамандар «ата-аналарда жауапкершілік жоқ» дейді.

Құнысбек Амангелдиев, Алматы коммуналдық субұрқақты күтіп ұстау бөлімінің бастығы:

 — Жылда субұрқақтың бәріне энергетика сараптамасы жүргізіледі. Электр қауіпсіздігі үшін. Субұрқақ суға түсетін жер емес. Субұрқақ қаланың сәні. Ауа тазалайтын, салқын ауа беретін құрал. Оның ішінде электр тоғы бар. Және химиялық заттар бар, залалсыздандыру үшін. Халыққа айтылып жатыр, белгілер ілінген. Елеп жатқан халық жоқ. Ата-аналар өзі ертіп әкеп баласыен шомылдырады. Төбелесуге дейін барғанбыз.

Субұрқақтар мен кішігірім тоғандар ыстықтан пана іздеп демалуға ниеттенгендердің сүйікті орны. Қазір қалада 150-ден астам субұрқақ бар. Оның 73-і әкімдікке қарайды. Бірақ барлығында «шомылуға болмайды» деген ескерту бар ма, жоқ па, ол жағы беймәлім. Не де болса, балалар мен жасөспірімдерді фонтаннан аулақ ұстаған жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде