{metadescription}
Алматы: Мопед мініп ереже сақтамайтындарға жаппай айыппұл салып жатыр
Алматы: Мопед мініп ереже сақтамайтындарға жаппай айыппұл салып жатыр

Алматы: Мопед мініп ереже сақтамайтындарға жаппай айыппұл салып жатыр

Мопед мініп мертіккендер көп. Қос дөңгелекті көлік құралдарының кесірінен Алматының өзінде небәрі бес айда

300-ден аса жол апаты тіркеліп, үш адам ажал құшып, 324 адам жарақат алыпты. Өйткені басым бөлігі қарапайым дулыға кимейді. Полицейлер өз қауіпсіздігі үшін жасалған заң талабына бағынбайтын жүргізушілерді жаппай ұстап, айыппұл салып жатыр. Бірақ тәртіп сақшыларын елемей, қашып кететіндер де бар.

Жалаңбас, мопедке екеулеп мініп алған жас жігіттер, әу баста тоқтап еді. Ұстай берген сәтте кетті де қалды. Тәртіп сақшылары дабылын қосып, қаланың ішінде тырқыратып қуып барады. Бірақ мопед мінгендер тар жолға кіріп, жоқ болып кетті.

Қуат Өсенов, Алматы ПД жол полиция басқармасының аға инспекторы:

Егер соғылып, бірдеңе болса ,денсаулығына зақым келеді. Соған уайымдаймыз да, қатты қуаламаймыз. Олар соны біліп алған. Содан кейін көбіне бағынбай, кептелісте қашып, қуыс-қуысқа, жаяу жүргіншілер жүретін жермен қашып кету фактісі көп.

Қауіп төндіретін солар. Қалада мопедпен ойқастап жүргендер бір-екі жылда қаптап кеткен. Басым бөлігі қарапайым ереже білмейді. Заңға басын қатырғысы келмейтін жүргізушілер тоқталып, жаппай айыппұл салынды. Бірі жолдың қай жерімен жүру керегін де білмейді, енді бірінің құжаты да жоқ.

Мопед мінгендерге қатысты Алматыда биылдың өзінде 321 жол апаты тіркелген. Апатқа түскендер, жол жүру ережесі бұзғандар, сондай-ақ құжаты түгел емес көлік құралдары осы жерге қойылады. Жалпы Көкжиек шағын ауданындағы айып тұрағында дәл қазір мыңнан аса мопед тұр.

Айналдырған екі жылда бұл айып тұрағына шамамен бес мыңға жуық мопед қойылыпты. Көбі берешегін жауып, алып кеткенімен, арасында сол күйі тастап кеткендері де бар.

Жәнібек Өскенбаев, Алматы ПД мамандандырылған батальон командирі:

Ішкі істер министрлігімен жағдайды тұрақтандыруға байланысты жас шектеуі енгізілді, жолаушыларды тасымалдау және де қорғаныс жабығын міндетті түрде пайдалану. Алматы қаласында алдын алу іс шаралары жол апатын болдырмау және жол ережесін сақтау электрсамокат, мопед жүргізушілері алдында насихат жүргізіп жатыр.

Қос дөңгелекті көлік құралдары елімізде көбейгені сол еді, көлік жүргізушілерінің мазасы да қашқан. Шағым мен жол апаты көбейген соң, мопедтерге қатысты заң былтыр күшіне енгізілген.Бірақ әлі күнге дейін жол ережесін сақтап жүргендер көбеймесе, азаймай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде