{metadescription}
«Үлгеру қиын». Алты елдімекенде  — жалғыз жедел жәрдем
«Үлгеру қиын». Алты елдімекенде  — жалғыз жедел жәрдем

«Үлгеру қиын». Алты елдімекенде — жалғыз жедел жәрдем

Бесеуіне үлгермей жатқанда, алтыншысы қосылды. Астана іргесіндегі бес елдімекенге ортақ жалғыз жедел жәрдем бригадасы енді көршілес Қояндының 50 мың тұрғынына қызмет көрсетуі тиіс дегенді естіген Софиевка ауылының жұрты шу шығарды. Шақыртуға сағаттап жетіп болмайтын 103 қызметінен мүлдем айырылып қаламыз ба деп уайымдап отыр.

Софиевка ауылы Астанадан 35 шақырым қашықта орналасқан. Мұнда 4500 адам тұрады. Олар бір жедел жәрдем көлігін айналадағы төрт ауылмен бөлісіп отыр.

Ауыл тұрғыны Валентина Антонованың қан қысымы жоғары әрі қант диабеті бар. Зейнеткер таң атпай қан қысымын өлшеп әуре болады. Уыстап дәрі ішсе де көмектеспейді.

Валентина Антонова:

 — Жедел жәрдем шақырып, күтесің. Бір сағат өтеді, екі сағат өтеді, келмейді. Баланы алып кетті, анда кетті, мында кетті дейді. Амал жоқ, көлікпен Астанаға қызымның үйіне барамын. Сол үйден жедел жәрдем шақырамын.

Медициналық қызмет сапасын айту үшін ауыл жұрты бүгін амбулатория маңына жиналды. Софиевкада егде тартқан жандар мен балалар көп. Оларға жедел жәрдем бригадасының көп болғаны керек. Былтыр медкөмек келіп болмай, сәби мен бір зейнеткер қайтыс болған дейді. Ал айы-күні жеткен әйелдер он күн бұрын Астанаға барып, туыстарының үйінде толғақ күтіп жатуға мәжбүр. Өйткені ауылдағы жедел жәрдемге сенім жоқ.

Салтанат Сметова:

 —Қажет жағдайда шақырсаң ып қалғанда «Қоянды ауылында, күтіңіз» деп жауап береді. Жәдел жәрдемді кейде бес-алты сағат күту керек. Былтыр, мысалы, осының салдарынан бір адамның мерт болған жағдайы болды.

Ұлпан Еңсебаева:

 — Жақын арада болған жағдайды айтсам, Бауман көшесінде кішкентай баланы мотоциклмен қағып кетті. Сағат сегізде болған оқиғаға түнгі екіде келген. Әрине, ата-анасы қалаға апарып келді, ешкім баласының бетіне қарап күтіп отырмайды ғой.

Жедел жәрдем келмейді. Өйткені үнемі көршілес Қояндының шақыртуында жүреді дейді Софиевка халқы. Жақында ауыл жұртына жедел жәрдем бекеті 1 шілдеден бастап түгел Қояндыға көшірілетіні хабарланған. Онсыз да жақын маңдағы төрт ауылға қызмет ететін жалғыз бригаданы «енді мүлдем көрмейтін болдық» деп, тұрғындар қатты наразы.

Салтанат Сметова:

 — Қояндыға барып тұрады . Оларға басшыларынан сондай бұйрық келеді. «Осында тұрыңыздар, ешқайда кетпеңіздер, қазір шақырту болып қалады» деп. «Софиевкадан шақырса, онда бармаңыздар, олар өз көлігімен қалаға бара салады» деген де жағдай өте көп.

Шу шығарған жұртты Целиноград ауданының аға фельдшері тыныштандырмақ болды. Әуелі жедел жәрдем бекетінің Қояндыға көшкені «халыққа ыңғайлы» деп көндіре бастап еді, сәлден соң айтқан сөзінен айнып қалды.

Мақсат Байдуллаев, Целиноград ауданының аға фельдшері:

  Екі қосалқы станция енді қосыла алмайды. Софиевкада өзінің станциясы қалады деді. Сол себептен әркім өз станциясында жұмыс істейді. Қояндыға өзінің бридагасы, Софиевкаға өзінің бригадасы кезекшілік етеді.

Ауыл тұрғындарының амбулаторияда түнгі кезекшілікте отыратын дәрігері болса деген өтініші бар. Себебі, қас қарайғанда бала ауырса, оны тағы да қалаға тасиды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде