{metadescription}
Семейде салынған оңалту орталығының жолына асфальт төселмеген
Семейде салынған оңалту орталығының жолына асфальт төселмеген

Семейде салынған оңалту орталығының жолына асфальт төселмеген

«Белуардан құм мен батпақ кешіп жүнжіп кеттік». Семейде жаңа салынған оңалту орталығына жете алмай жүрген жұрт наразы. Себебі, мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған ата-аналардың дәрігерге жету мұңға айналған. Ал батпаққа батып, бірін-бірі сүйреуден инватаксилер де жиі бұзылады. Ал атқамінерлер асфальт төсеуге асықпай отыр.

Қарағайлы ықшамауданында бой көтерген оңалту орталығының құрлысы 2023 жылы аяқталған. Қазір орталықта 120 бала емделуде. Ал мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған ата-аналардың дәл уақытында келуі мұңға айналған. Себебі құмды жолда көлік тұрмақ, жаяу адамның өзі зорға жүреді.

Әсет Бектеміров:

 — Жаңбырдан кейін бұл жерде жүру мүмкін емес. Оның үстіне ауыр техника бөгеп тұрады. Жолдың тас-талқанын шығарады. Ер адамдар бірдеңе қылып жетерміз. Ал балаларын орталыққа әкеліп жүрген жалғызбасты аналар бар. Олар баласын көтеріп қалай жетеді?

Жолдың жоқтығы инватакси жүргізушілерінің де жүйкесін жұқартқан. Көліктері батпаққа батып, тұсаулы аттай тұралап жатыр. Ақыры жүргізушілер бірін-бірі сүйрелеп, ақыры көлігінің талқанын шығарған.

Жеңіс Қожаев, инватакси жүргізушісі:

 — Мынау сынды бампер. Барлығын бір-ақ жұлып алды. Астының бәрі тас-тас, жұмсақ. Жартысы жоқ болғаннан кейін оны шешіп тастадым.

Қазір оңалту орталығының мамандары жолды өз күшімен тегістеп әлек. Орталықтағы жалғыз трактордың жүргізушісі таңнан кешке дейін тыным таппайды. Әйтсе де жаңа ықшамуданда құрылыс жүргізіліп жатқандықтан, ауар техникалар құмды жолды «қас-қағым сәтте ойып тастайды» дейді. Ал жергілікті атқамінерлер асфальт төсеуге асықпай отыр.

Әділбек Увасилов, Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

 — Уақытша жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Біз бұны 2023 жылы жасамақ болғанбыз. Бірақ ол жерде инженерлік желі жөнделіп жатқандықтан, былтыр жүргізілмеді. Сондықтан уақытша жол жөңдеуге биыл ақша бөлініп, осы айдың 30-на дейін аяқталады.

Қазір асфальт төсеуге смета әзіреніп жатыр. Алайда мамандар оны 2025 жылы сараптамаға жіберуді жоспарлап отыр. Сондықтан жұртқа екі жыл бойы шаңда жүріп, батпақ кешуіне тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.